Израильдің шабуылына ұшыраған Қатарда қазір 1 жарым мыңға жуық қазақстандық жүр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Абырой болғанда, кешегі Тель-Авивтің Доха қаласына жасаған әуе соққысынан отандастарымыз зардап шеккен жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев ресми түрде мәлімдеді.
Доха қаласы дүр сілкінді. Ешкімге қырғи қабақ танытпаған Қатарға бағытталған соққы — жергілікті тұрғындарды ғана емес, жаһан жұртшылығын алаңдатып отыр. Себебі, Израиль тапа-тал түсте дәл тұрғын үйлерге шабуыл жасаған. Соққы салдарынан 6 адам қаза болды.
"Израиль шабуылын біз - тек мемлекеттік терроризм деп атай аламыз. Бұл шабуыл бүкіл өңірге жасалған айқын саяси белгі. Яғни, өз білгенімен әрекет ететін бір ойыншы бар және сол ойыншының снасыз саясаты өзге елдердің егемендігіне қауіп төндіріп отыр", – деді Қатар премьер-министрі және сыртқы істер министрі Мухаммед Бин Абдулрахман.
Израиль премьер-министрі биньямин нетаньяху шабылдың тікелей ХАМАС басшыларына бағыттағанын жеткізді. Операцияға оннан астам жауынгерлік ұшақ қатысыпты. Бейбіт тұрғындар зардап шекпес үшін мұның бәрін нақты, әрі мұқият жоспарлап, нысанаға дөп тигіздік деп отыр.
"Бұл, 7 қазандағы қырғынға, жаппай адам өлтіру, сонымен қатар Иерусалим мен Газада жасалған шабуылдар үшін жауап. Израиль әскері жаулары толық жойылғанша тоқтамайды. Израильдің қолы ұзын, террористер әлемнің қай түкпірінде жасырынса да табады", – деді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Тель-Авивтің әрекетін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірден айыптады. Мемлекет басшысы қандай мақсат көзделсе де, бұған жол беруге болмайтынын жеткізді. Ал Қатар билігі Израильдің тұрғын ауданға жасалған шабуылына жауап беру үшін арнайы заңгерлер тобын дайындауға кірісті.
USD:
503.5 / 507.5
EUR:
588.5 / 593.5
RUB:
6.51 / 6.63