Тікелей эфир

Израиль Оразаның алғашқы күні Рафакқа шабуыл жасайтынын хабарлады

Оны болдырмаудың жалғыз шарты – Палестина тұтқындарды Рамазан айына дейін түгел қайтаруы тиіс.

Израиль егер Палестина тарабы тұтқындарды босату жөніндегі талабын орындамаса, әскери шабуылдар қасиетті Рамазан айында да толас таппайтынын хабарлады. Ал Оразаның алғашқы күні – 10 наурызда Израиль Рафак қаласына жойқын шабуыл жасамақ. Бұл туралы BBC жаңалықтар қызметі хабарлады. 

Басылымның жазуынша, Израиль әскери кабинетінің министрі Бенни Ганц егер ХАМАС газа секторындағы тұтқындарды Оразаға дейін босатпайтын болса, онда Израиль сектордың оңтүстігінде орналасқан Рафакқа шабуылды бастайтынын мәлімдеген. 

Израиль бұл жоспары туралы бұған дейін де хабарлағанымен, әскери операцияны бастайтын күн белгісіз болып келген еді. Рафакта Палестинаның 1,5 миллион тұрғыны бар. Газа секторындағы ұрыстар басталғалы оның солтүстігі мен орталығындағы палестиналықтар дәл осы Рафакқа қарай қашқан еді. Одан әрі тек олар тек Египетке өте алады. Соған орай, Египет өзінің шекарасын күзетуді күшейтті. 

Израиль әскери кабинетінің министрі Бенни Ганц Рафактың бейбіт тұрғындарын эвакуациялау үшін америкалық және Египеттегі серіктестерімен ақылдасатынын хабарлады. Алайда, Египет қазірдің өзінде босқындарды қабылдаудан бас тартып отыр. 


Оқи отырыңыз: 75 жылға созылған қанды қырғын. Израиль мен Палестина не бөлісе алмай келеді?


 

Серіктестер жаңалықтары