USD: 477.3 / 479.9
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

Италиядағы XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатын қайдан көруге болады

Фото: Оlympics.com
Фото: Оlympics.com
Қысқы Олимпиада ойындарында барлығы 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Бүгін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады.

2026 жылғы Милан–Кортина қысқы Олимпиадасының ашылу салтанатына әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысып, өз елдерінің туларын алып шығады. Негізгі салтанатты шара Милан қаласындағы әйгілі "Сан-Сиро" олимпиадалық стадионында өтеді. Ашылу рәсімін халықаралық деңгейдегі шоу-жобаларымен танымал Balich Wonder Studio ұйымдастырып отыр.

Ашылу салтанаты жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де бір мезгілде бірнеше алаңда өтеді. Қазақстандық көрермендер Олимпиаданың ашылу рәсімін Астана уақытымен 23:50-ден бастап Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен көре алады.

Қысқы Олимпиада ойындарында барлығы 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Дүбірлі додаға әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы Италияға 36 спортшыны аттандырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау