USD: 468.9 / 471.5
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.59 / 5.71
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Ит талаған Максимнің ісі: айыпталушы сотта күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Максимді талаған иттердің иесі айыппен келіспейтінін мәлімдеді.

Алматы облысында былтыр ит талап, ауыр жарақат алған 11 жастағы Максимге қатысты іс сотта қаралып жатыр. Сот отырысында айыпталушы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жануарлардың иесінің айтуынша, баланың жарақаты иттердің шабуылынан емес, қоршаудан құлағаннан болған.

Оның сөзінше, оқиға кезінде болған жасөспірімдердің бірі Максимді басқа бала қоршаудан итеріп жібергенін айтқан. Сондай-ақ айыпталушы екі күшік мұндай ауыр жарақат салуға қабілетті емес деп есептейтінін жеткізді.

Алайда прокуратураның нұсқасы өзгеше. Айыптау актісіне сәйкес, өткен жылдың жазында Жалпақсай ауылындағы ойын алаңында ойнап жүрген балаларға қоршаудан шығып кеткен үш ит шабуыл жасаған. Балалардың бірі қашып үлгермей, төбеттер оны талап, ауыр жарақаттаған.

Прокурор жануарлардың иесін "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бабы бойынша кінәлі деп санайды. Бұл бап бойынша айыппұл салу немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жәбірленуші тараптың өкілі Арман Шәріповтің айтуынша, айыпталушы осы уақытқа дейін отбасыдан кешірім де сұрамаған.

Сондай-ақ заңгердің сөзінше, қаражаттың жоқтығынан балаға жасалуға тиіс үш ота кейінге шегерілген. Осыған байланысты жәбірленуші тарап материалдық шығынды өндіру туралы талап-арыз беріп, емдеу шығындарын өтеуді талап етіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау