Жыл басынан бері 5,3 мың бұзушылық анықталып, нәтижесінде 393 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде 1 мың тоннаға жуық импорттық карантинге жатқызылған өнімді анықтады. Карантинге жатқызылған өнім Ресей Федерациясы, Беларусь, Финляндия, Өзбекстан, Қырғызстан, Нидерланды және Корея Республикасынан әкелінген, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі.
"2021 жылғы 22-29 қазан аралығында агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Қазақстан Республикасының аумағына фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 82 фактісінің жолын кесті. Нұр-Сұлтан қаласына Нидерландыдан 1,2 тонна қызанақты импорттау кезінде "Қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы" (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) және "Пепино мозаика вирусы" карантиндік объектілері (Pepino mosaic virus) анықталды. Сонымен қатар, Қырғызстан мен Өзбекстаннан Жамбыл және Маңғыстау облыстарына 21,9 тонна құрма өнімін импорттау кезінде "Комсток сымыры" (Pseudococcus comstoki) карантиндік объектісі анықталды", – делінген хабарламада.
Өсімдіктер карантині саласындағы аталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік материалдар құрастырылып, сотқа жолданды. 21,9 тонна құрма өнімі Өзбекстан Республикасы мен Қырғызстанға қайтарылды. Ресей Федерациясынан жалпы көлемі 768 тонна картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ, бұрыш, мақсары, бидай, жаңғақтар, кептірілген жемістер, апельсин, алма және банан, Қырғызстаннан 22 тонна жемшөп эспарцеті, Кореядан 1,5 тонна жүгері ұны және Нидерландыдан 139 780 дана гүл кесінділері импорты кезінде 56 жағдайда фитосанитариялық сертификаттардың жоқтығы белгілі болды.
"Бір жағдайда Ресей Федерациясынан 108 060 дана көшет әкелу кезінде таңбалауы жоқ болып шықты. Ресей Федерациясынан жалпы салмағы 140 тонна картоп, қызанақ, апельсин, қарбыз, қара өрік, алма, ұн, астық қалдықтары, жарма, Беларусьтен 48 843 дана көшет, Финляндиядан 25 тонна жаңғақ және Қырғызстаннан 7 тоннадан астам картоп, қызанақ және жүзім импорты кезінде 20 жағдайда карантинге жатқызылған өнім қайталама тексеруге ұсынылмаған. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалып, 4,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", – делінген хабарламада.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары өсімдіктер карантині саласында 5,3 мың бұзушылықты анықтап, нәтижесінде 393 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-