Тікелей эфир

Иракта 9 жастағы қыздардың некеге тұруына рұқсат берілмек. Бастама БҰҰ тарапынан сынға қалды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
БҰҰ мәліметінше, Ирак қыздарының 28 пайызы кәмелет жасына толмай күйеуге шығады.

Иракта балалар некесін заңдастырды, енді қыздардың 9 жастан бастап некелесуіне рұқсат берілмек, деп хабарлады CNN

Басылымның жазуынша, Иракта некеге тұру үшін ресми тіркеудің қажеті жоқ. Некені ата-ана рұқсатымен дін қызметкерлері қияды. Бұған елдегі 1959 жылдан бастап жұмыс істейтін "Жеке статус туралы" заң рұқсат етеді.

Енді осы заңға діни соттарға неке қия, ажырасу, мұра бөлу мәселелері бойынша шешім қабылдау құқығын бере отырып, өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Оның аясында әлем құқық қорғаушылары тарапынан сынға ұшырағаны – қыздардың некеге тұру жасын 9-ға дейін төмендету бабы. 

БҰҰ мәліметінше, қазірдің өзінде Ирак қыздарының 28 пайызы кәмелет жасына толмай күйеуге шығады. Құқық қорғаушылар өзгеріс қыздардың балалық шаққа деген құқығын шектейді. 


Оқи отырыңыз:


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары