USD: 465.1 / 467.7
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.41 / 5.53
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

iPhone ұтамын деп ақшаңыздан айырылып қалмаңыз. Мамандар ескерту жасады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Сауда үйлерінде ұтыс ойындарын өткізіп, алдайтындар көбейді.

Қазақстанда көшеде ұйымдастырылатын күмәнді ұтыс ойындары көбейіп барады. Алаяқтар белгілі дүкендердің атын пайдаланып, iPhone, AirPods, смарт-сағат немесе ақшалай сыйлық ұтып алуды ұсынып, қатысушылардан алдын ала қомақты қаражат талап етеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардың бірінде өзін дүкен өкілі ретінде таныстырған азамат бойжеткенге iPhone, AirPods, сағат немесе 100 мың теңге ұтып алу мүмкіндігін ұсынып, қатысу үшін 50 мың теңге алған. Алайда ұтысқа ие болған қызға құны небәрі 3–4 мың теңгелік арзан тауар табысталған.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдайлар түрлі қалаларда жиілеп кеткен. Олар мұны тұтынушыларды ашықтан-ашық алдаудың бір тәсілі деп санайды.

Заңгер Аида Алданазар мұндай акцияларға қатыспас бұрын олардың шарттарын мұқият тексеруге кеңес береді. Оның айтуынша, ұйымдастырушылар ұсынылатын сыйлықтың қандай екенін, оның сапасын және ұтыс өткізу тәртібін алдын ала түсіндіруге тиіс.

Егер берілген тауар уәде етілген сипаттамаға сәйкес келмесе немесе басқа өнім табысталса, тұтынушы сатушыдан:

  • ақшасын қайтаруды;
  • тауарды ауыстыруды;
  • немесе заңда көзделген өзге талаптарды орындауды талап ете алады.

Маман сондай-ақ барлық түбіртектер мен төлем құжаттарын сақтап, мүмкіндігінше куәгерлерді анықтауға кеңес береді. Егер алаяқтық белгілері байқалса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әзірге дәл осындай көшедегі ұтыс ойындарына қатысты ресми шағымдар тіркелмеген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау