USD: 472.9 / 475.5
  • EUR: 541.5 / 546.5
  • RUB: 5.59 / 5.71
Тікелей эфир
Алматы +37C
Все города

inDrive.Курьерлер қалай жұмыс істейді: бағасы, қауіпсіздігі және бизнеске арналған мүмкіндіктері

Фото: inDrive.Курьерлер
Фото: inDrive.Курьерлер
Құжаттарды, ұмытылған кілттерді, сыйлықты, гүл шоғын немесе жеке заттарды жеткізу – бүгінде күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды.

Сонымен қатар жеткізу қызметтеріне қойылатын талаптар да артып келеді. Әсіресе бизнес үшін жеткізудің жылдамдығы ғана емес, оның қауіпсіздігі мен сенімділігі де маңызды. Қазақстанда осындай модель бойынша жұмыс істейтін танымал сервистердің бірі – inDrive.Курьерлер. Бұл мақалада сервистің жұмыс істеу қағидаттары, жеткізу құнының қалай қалыптасатыны және тапсырыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі тетіктер туралы айтамыз.

inDrive.Курьерлер: бұл не және ол қалай жұмыс істейді?

inDrive.Курьерлер – тапсырыс берушілер мен курьерлерді тікелей байланыстыратын қалалық жеткізу сервисі. Ол Қазақстанда 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Сервистің басты ерекшелігі – келісімге негізделген баға моделі. Бұл модельде жеткізу құнын пайдаланушының өзі ұсынады және тапсырысқа жауап берген курьерлердің арасынан өзіне қолайлысын таңдайды.

Тапсырыс беру процесі өте қарапайым: жөнелту және жеткізу мекенжайларын көрсетіп, сәлемдеме туралы қысқаша ақпарат енгізіп, жеткізу құнын ұсыну жеткілікті. Осыдан кейін тапсырыс маңайдағы курьерлерге жіберіледі. Олар ұсынылған бағаға келісуі немесе өз бағасын ұсынуы мүмкін. Ұсыныстар түскеннен кейін тапсырыс беруші курьердің фотосуретіне, рейтингіне және орындаған тапсырыстарының санына сүйене отырып, өзіне қолайлы орындаушыны таңдайды. Қажет болған жағдайда, шұғылдығы мен бюджетіне қарай  жеткізу тәсілін де таңдауға болады: жаяу курьер, велосипедші, мото-курьер немесе автокөлікпен. Тапсырыс орындала бастағаннан кейін пайдаланушы курьердің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылап отыра алады.

Фото: inDrive.Курьерлер

Жеткізу құны қалай анықталады?

inDrive.Курьерлер сервисінде баға жүйе тарапынан автоматты түрде белгіленбейді. Жеткізу мекенжайы көрсетілген кезде қолданба баға ұсынады. Бұл баға тапсырыс беруші үшін бағдар ретінде қызмет етеді, алайда ол өз қалауына қарай одан төмен де, жоғары да соманы ұсына алады. Алдымен тапсырыс беруші жеткізу құнын белгілейді, кейін қажет болған жағдайда курьермен жеткізу шарттарын талқылайды. Егер ұсыныс екі тарапқа да қолайлы болса, тапсырыс расталады. Мұндай тәсіл әрбір жеткізудің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Мысалы, бір аудан ішіндегі шағын сәлемдемені арзанырақ жіберуге болады. Ал шұғыл жеткізу немесе қосымша талаптары бар тапсырысты жоғарырақ бағалауға мүмкіндік бар.

Сервистің бизнеске қандай пайдасы бар?

Кез келген компанияның жеке курьерлік қызмет ұстауға мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан inDrive.Курьерлер интернет-дүкендерге, жергілікті брендтерге, гүл салондарына, кофеханаларға, мейрамханаларға, кондитерлік дүкендерге және басқа да кәсіпкерлерге жеткізудің ыңғайлы шешімін ұсынады. Сервис кәсіпкерлерге жеткізу құнын өз бетінше белгілеуге, курьерді таңдауға және тапсырыстың орындалуын қолданба арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасудың қажеті жоқ. Бұны компания мәліметтері де растайды: сервис клиенттерінің жартысынан астамы (56%) – шағын және орта бизнес өкілдері.

Мұндай жұмыс форматы әсіресе тапсырыс көлемі артатын кезеңдерде тиімді. Мысалы, Астана, Алматы және Атырау қалаларында жұмыс істейтін OG Sushi мейрамханалар желісінің өз курьерлері бар. Алайда тапсырыс көбейетін қарбалас уақытта олардың мүмкіндігі жеткіліксіз болған жағдайда компания жеткізуді inDrive.Курьерлер арқылы жүзеге асырады. Компания өкілдерінің айтуынша, клиенттер үшін жеткізу құны алдын ала аймақтарға қарай есептеледі. Ал сервистегі ұсынылатын бағалар көп жағдайда осы тарифтермен сәйкес келетіндіктен, кәсіпкерлерге айырмашылықты өз қаражатынан өтеуге сирек тура келеді.

Тағы бір мысал – Medi_Vitamins кәріс косметикасы дүкені. Компания Алматы қаласы бойынша күн сайын inDrive.Курьерлер арқылы шамамен 30-40 онлайн тапсырысты жеткізеді. Сонымен қатар сервис жақын маңдағы қалаларға жеткізу үшін де пайдаланылады. Компания өкілдері әсіресе сервистің икемді баға саясатын және курьерлердің клиенттердің жағдайына түсіністікпен қарайтынын жоғары бағалайды. Қажет болған жағдайда курьерлер сәлемдеме алушысын күтіп немесе тапсырыс рәсімделгеннен кейін мекенжай өзгерсе, маршрутты түзете алады.

Фото: inDrive.Курьерлер

Жеткізудің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Құжаттарды, бағалы заттарды немесе тауарларды жөнелткен кезде ең маңызды сұрақтардың бірі – курьерге сенім артуға бола ма? inDrive.Курьерлер сервисінде қауіпсіздік жүйесі пайдаланушыға тапсырыстың әр кезеңін бақылауға мүмкіндік беретін қағидатқа негізделген.

Тапсырысты рәсімдемей тұрып-ақ пайдаланушы курьердің фотосуретін, рейтингін және орындаған жеткізілімдерінің санын көре алады. Бұл орындаушыны саналы түрде таңдауға көмектеседі. Жеткізу барысында жөнелтуші курьердің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылап, сәлемдемесінің қай жерде екенін көріп отырады. Қажет болған жағдайда тапсырысты бақылау сілтемесін әріптестерімен немесе алушымен бөлісуге болады.

Сервисте қателіктер қаупін азайтатын бірқатар қосымша тетіктер де қарастырылған. Мәселен, курьер жеткізу нүктесіне 300 метрден артық қашықтықта тұрған жағдайда келгенін растай алмайды. Ал тапсырысты аяқтау үшін жөнелтуші мен алушыға ғана белгілі арнайы растау кодын енгізу қажет. Бұл ретте жөнелтуші тапсырыс рәсімдеу кезінде осы функцияны өз қалауы бойынша қосып немесе өшіре алады. Бұдан бөлек, сәлемдемені алғаннан кейін орындаушы біржақты тәртіпте тапсырыстан бас тарта алмайды.

Бизнес клиенттер үшін қосымша қорғау шаралары қарастырылған. Корпоративтік тапсырыстарды орындауға жеткізу қызметінде тәжірибесі бар әрі бұған дейін платформа ережелерін бұзбаған курьерлер ғана жіберіледі. Сонымен қатар кәсіпкерлерге арнайы қолдау желісі қолжетімді, ал барлық B2B жөнелтілімдер 25 мың теңгеге дейінгі сомаға сақтандырылған. Сәлемдеме жоғалған немесе бүлінген жағдайда өтемақы төлеу рәсімі клиент үшін жеңілдетілген түрде жүзеге асырылады.

Компанияның мәліметі бойынша, осы қауіпсіздік жүйесі енгізілгеннен кейін сервистің негізгі қалалардағы қызмет көрсету сапасы 25%-ға артқан, сондай-ақ курьерлердің қызметтік тәртібі айтарлықтай жақсарған.

Фото: inDrive.Курьерлер

inDrive.Курьерлердің басқа жеткізу сервистерінен айырмашылығы неде?

Негізгі шешімдердің барлығын пайдаланушының өзі қабылдайды: сервистің басты ерекшелігі де осында. Тапсырыс беруші жеткізу құнын өз бетінше белгілейді, курьерді өзі таңдайды, оның тәжірибесі мен рейтингін бағалайды, жеткізудің ең қолайлы тәсілін анықтайды және тапсырыстың орындалуын бүкіл бағыт бойы бақылап отырады. Бизнес үшін бұл ұзақ мерзімді міндеттемелерсіз шығындар мен логистиканы икемді басқаруға мүмкіндік береді. Жай пайдаланушылар үшін – бұл құжаттарды беріп жіберуден бастап, сыйлықты шұғыл жеткізуге дейінгі әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдануға болатын ыңғайлы құрал.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау