Прямой эфир Новости спорта

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланды

Нұртай Әбіқаев – федерацияның құрметті президенті.

Қазақстан гольф федерациясы президиумының шешімімен Иманғали Тасмағамбетов федерацияның президенті болып сайланды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Қазақстан гольф федерациясы

Иманғали Тасмағамбетов1956 жылы Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген. Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "география және биология мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген. 

Қазақстанның тұңғыш президентінің көмекшісі, Атырау облысы, Алматы, астана әкімі, премьер-министр, мемлекеттік хатшы, қорғаныс министрі қызметтерін атқарды. 2016 жылы қыркүйектен бері премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалып, 2017 жылы Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. 2019 жылғы желтоқсанда зейнет жасына жетуіне байланысты мемлекеттік қызметтегі жолын аяқтады. 

Федерацияның құрметті президенті ретінде Нұртай Әбіқаев тағайындалды.  

 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары