Imanbek Қазақстандағы электронды музыканттарға арналған онлайн-форумда тәжірибесімен бөліседі

Іс-шарада әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар жас музыканттарға білім береді.

28-29 шілдеде алғаш рет өтетін Қазақстандағы электронды музыканттарға арналған UYA Forum 2021 халықаралық онлайн-форумында Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ және Еуропаның музыка нарығындағы ең мықты спикерлер бас қосады. Олардың арасында диджей және саунд-продюсер Иманбек Зейкенов (Imanbek) бар. Спикерлердің толық тізімі форумның әлеуметтік желідегі парақшаларынада жарияланады.

Іс-шара қазақстандық электронды музыканттар мен саунд-продюсерлерді бір алаңға біріктіріп, қатысушыларға әлемнің ең үздік спикерлерін тыңдап, пікір алмасуға мүмкіндік береді. 

Қатысушылар келесі тақырыптарды талқылайды:

  • Музыкалық жобаны дамыту негіздері;
  • Музыканы Қазақстанда және одан тыс жерлерде қалай ілгерілетуге болады;
  • Шетелде музыка индустриясы қалай жұмыс істейді;
  • Халықаралық лейблдар және паблишерлермен байланысу және жұмыс істеу;
  • Музыканы монетизациялау: жаңа бастаған артист қалай табыс табады;
  • Иманбектің жетістігі және оның әлемге әйгілі артистермен жұмыс тәжірибесі;
  • Алматыдағы музыка экожүйесінің дамуы және оның бүкіл Қазақстан бойынша масштабталуы;
  • Алғашқы турыды қалай ұйымдастыруға және ірі музыкалық фестивальдерге қалай қатысуға болады;
  • Қазақстандағы креативті экономиканың дамуы;
  • Музыка жазудан шеберлік сабақтары;

Онлайн-форумға тіркелу сілтемесі және толық бағдарлама UYA Forum 2021 Инстаграм акаунтында қолжетімді болады. Форумға 250 астам адам қатысады деп күтілуде.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз