Ішкі істер министрлігі "Заң және тәртіп" қағидаты аясында "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
Үш ай ішінде арнайы бөлімшелердің қатысуымен 40 әуе ұшуы жасалып, нәтижесінде:
- 20 есірткі егістігі табылды;
- 5 мыңнан астам есірткі өсімдігі жойылды;
- 1 тоннадан астам заңсыз өнім тәркіленді.
Ұлытау облысында оңтүстіктен орталыққа жеткізу арнасы тоқтатылып, құрамында 4 адам бар қылмыстық топ ұсталды. Олардан қару-жарақ пен 103 келі марихуана алынды. Жамбыл облысында 206 келіден астам марихуана дайындаған екі азамат қолға түсті. Батыс Қазақстан облысында жылыжайда өсірілген қарасора анықталып, 135 келі есірткі жойылды. Түркістан облысында арнайы топ 650 келіден астам қарасора мен 48 келі көкнәр тәркіледі. Ал Жезқазған мен Сәтбаевта 43 тоннадан астам заңсыз көкнәр тасымалы анықталды.
Операция қорытындысы бойынша:
- 677 есірткі қылмысы әшкереленді (оның ішінде 242-сі – сату, 220-сы – заңсыз егіс);
- 2 тонна марихуана, 47 келі гашиш, 3 тонна қарасора, 155 келі синтетикалық есірткі мен 8,5 тонна прекурсор тәркіленді;
- 27 мыңнан астам есірткі өсімдігі жойылды;
- 9 зертхана жойылып, 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың, соның ішінде бір трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды.
ІІМ атап өткендей, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл кешенді әрі жүйелі түрде жалғаса береді.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63