Тікелей эфир

ІІМ су тасқыны кезінде адамдардың жоғалу және қаза табу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады

Екі адам жоғалып кеткен Абай ауданында іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады ІІМ басшысының орынбасары.

Су тасқыны кезінде адамдардың із-түссіз жоғалуы және қаза болуы фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев хабарлады.

Ол екі адам жоғалған Абай ауданында іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.


Оқи отырыңыз: Құлсарыда бір апта бұрын жоғалған әкелі-балалы азаматтардың денесі табылды


"Өкінішке орай, осындай жағдай болды. Абай ауданында екі адам із-түссіз жоғалып кеткенін өздеріңіз білесіздер. Бұл туралы барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жазылды. Абай ауданында екі адам, Атырау облысында екі адам із-түзсіз жоғалған. Кейбір мәйіттер табылды. Абай ауданында іздестіру шаралары жалғасуда. Барлық осы фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды, қазір тергеу қажетті процессуалдық шараларды жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері бойынша оқиғаның қалай болғаны, себептері, жағдайлары және бұл оқиғаға біреудің кінәсі бар-жоғы анық болады", – деді Марат Қожаев.

Серіктестер жаңалықтары