Тікелей эфир

ІІМ: Отбасылық зорлық-зомбылық туралы шағымдардың 10 пайызы әйелдердің үстінен түскен

Әйелдерінің үстінен шағымданатын еркектер де бар.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха отбасылық зорлық-зомбылық туралы шағымдардың 10%-ы әйелдердің үстінен түсетінін айтты. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында БАҚ өкілі "Қазақстанда агрессор әйелінің үстінен шағымданатын ер адамдар бар ма?" деп сұрады.

Министрдің орынбасары ондай жайттар кездесетінін айтады.

"Әрине, әйелдерінің үстінен шағымданатын еркектер де бар. Олардың саны көп емес, бірақ түрлі жағдай болады. Мысалы, балаларының үстінен шағымданатын ата-аналар бар, керісінше кейде бала өз ата-анасына шағымданып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша әйелдердің үстінен түсетін шағымдар шамамен 10%", – деді Игорь Лепеха.


Оқи отырыңыз: ІІМ: Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандардың 81 пайызы жұмыссыз болған.


 

Серіктестер жаңалықтары