Тікелей эфир

Huawei компаниясы жаңа өнімдерін таныстырды

Шара аясында компания Алматыдағы Абай алаңында тегін музыкалық концерт ұйымдастырды.

Қазақстанда алғаш рет ТМД елдеріне арналған Huawei жиналмалы Huawei Mate Xs 2 смартфоны және басқа да жаңа өнімдерінің тұсаукесері өтті.

Huawei Mobile Kazakhstan ресми YouTube арнасында іс-шараның тікелей онлайн трансляциясы ұйымдастырылып, тікелей эфирде көрермендер арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Жаңа өнімдерді шығарылымына орай Huawei компаниясы Алматыдағы Абай алаңында тегін музыкалық концертті де өткізді. Мерекелік шараға үш мыңнан астам азамат қатысып, қазақстандық танымал әртістер Yenlik, M'dee, The Limba, JCS тобының өнерін тамашалады.

"Мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және жаңа оқу жылының қарсаңында біз жаңа өнімдеріміз Huawei Mate Xs 2 смартфонын және ТМД елдеріне арналған басқа да жаңа өнімдерді таныстырдық. Біз жаңа құрылғылардың әрбір қолданушынан таптырмас көмекші болатыны сөзсіз. Сондай-ақ, музыкалық сыйымыз Алматы тұрғындары мен қонақтарының жадында есте қалатынына сенімідіміз", – деп атап өтті Қазақстандағы Huawei Device компаниясының бас директоры Сяо Лянг.

Huawei Mate Xs 2 флагмандық жиналмалы смартфоны классикалық жиналмалы дизайны, жеңіл және жұқа корпусы, 7,8 дюймдік шынайы түсті жиналмалы дисплей бар. Huawei XD оптикасын қолдайтын сапасын жаңа деңгейге көтеретін 50 мегапиксельді камера жүйесімен суретке түсіреді. Сонымен қатар, камера Huawei XD Fusion Pro True-Chroma кескін өңдеу қозғалтқышымен, 10 арналы мультиспектрлік сенсормен және толық P3 түс гаммасындағы 2000-нан астам түсті калибрлеумен жабдықталған. Ол түстердің дәл шығуын қамтамасыз етеді және түсіру сапасын арттырады. Жаңашыл Falcon Wing қос бұрылатын топса технологиясының арқасында Huawei Mate Xs экранындағы бүгу қыртысы көрінбейді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары