USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Гвардейск гарнизонында сарбаздың қазасына қатысты тергеу басталды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Мән-жайды анықтау үшін Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен арнайы комиссия жіберілді.

Гвардейск гарнизонында мерзімді әскери қызметін атқарып жүрген сарбаз қаза тапты. Оқиға 17 қыркүйек күні әскери бөлімдердің бірінде болған.

Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жауынгер өзіне қол салған. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мән-жайды анықтау үшін Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен арнайы комиссия жіберілді.

"Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", – делінген ресми хабарламада.


Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстан облысында алпысқа жуық жұмысшы үш айдан бері жалақысыз жүр


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз