Смартфон алғашқы болып Дания, Нидерланды, Норвегия және Швецияда қолжетімді болады.
Жаңартылған Pixel 7 және Pixel 7 Pro моделі Google Tensor G2 процессорымен соңғы үлгідегі Android операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Смартфондарға Google-дың ең озық интеллектуалды жетістігін қолданған. Бұл туралы компанияның blog.google ресми блогына сүйеніп Aikyn.kz хабарлады.
Pixel 7 және Pixel 7 Pro жинақы дизайнда жаңа функциялармен ұсынылды. Жаңа смартфондар 6,7 дюймдік иммерсивті дисплеймен, әдемі өңделген алюминий жақтауымен және камерамен ерекшеленеді. Модельдің Snow, Obsidian және Lemongrass, Hazel color сияқты түсі бар.
Google компаниясының ақылды және интеллектуалды өнімдері Pixel және Pixel 7 құрылғысында мүмкіндігінше қолданылған. Tensor G2 көмегімен компания смартфонды одан да ақылдырақ ету үшін тілді түсінуге қатысты сипаттамаларды жақсартты. Дауысты тану технологиясының арқасында Google Messages қолданбасы аудио файлдарды жазбаша мәтінге ауыстыра алады.
Оқи отырыңыз: Жаңа смартфон, интерфейстегі өзгерістер. Технология әлеміндегі жаңалықтарға шолу
Жаңа қауіпсіздік чипі Pixel 7 смартфонын бірнеше деңгейде қорғап, вирустық шабуылға төзімді етеді. Смартфондар жыл соңына дейін VPN жаңартуын алады деп күтілуде. Бұл қосымша тегін және смартфон иесінің желідегі әрекетін барлық веб-браузерлерде қорғайды.
Pixel 7 бағасы 599 доллар, ал Pixel 7 Pro 899 доллардан басталады. 14 қазаннан бастап телефондар АҚШ-тың ірі операторлары арқылы сатыла бастайды. Жаңа смартфондар алғашқы болып Дания, Нидерланды, Норвегия және Швецияда қолжетімді болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿Азия ойындары: бүгін Қазақстан құрамасы қандай жарыстарға қатысады
-
327
-
1
-
8
-
-
2🥤Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі артты
-
298
-
0
-
9
-
-
3🧑⚖️Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды
-
286
-
0
-
6
-
-
4🥳🥈Қоржынға тағы екі күміс медаль
-
272
-
0
-
10
-
-
5🏅Төртінші алтын!
-
269
-
0
-
14
-
-
6💵Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған 65 тұрғын жауапқа тартылды
-
259
-
0
-
5
-
-
7💊Астана полицейлері мефедронның 2 мыңнан астам дозасын тәркіледі
-
247
-
0
-
5
-
-
8🐬Бразилияда 39 Цельсия градусқа (Фарангейт бойынша 102 градус) дейін көтеріліп, 100-ден астам дельфин қырылып қалды
-
250
-
0
-
6
-
-
9📣Қазақстанның бірқатар өңірлерінде нысандарға жылу беріле бастады
-
249
-
0
-
5
-
-
10💬Жеке деректері қолды болған қазақстандықтарға SMS арқылы хабар беріледі
-
240
-
0
-
2
-