Гонконгтағы Wang Fuk Court тұрғын кешеніндегі өрттен аман қалғандарды іздеу толық аяқталды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Биліктің ресми дерегіне сәйкес, 128 адам қаза болған. Тағы 200-ге жуық тұрғын із-түссіз жоғалғандар қатарында, ал 79 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.
Өрт толығымен сөндірілгенімен, тұрғын үйлердің подъездеріне кіру әлі де шектелген, себебі ғимарат ішіндегі температура қалыпты деңгейге түскен жоқ. Қауіпсіздік мақсатында аймақ толық бақылауда ұсталып отыр.
Трагедия орнында ауқымды еріктілер лагері құрылып, жүздеген қала тұрғындары тәулік бойы су, азық-түлік, киім-кешек, төсек-жабдықтар және гигиена құралдарын жеткізіп, көмек көрсетіп жатыр.
Тергеу барысында тұрғындардың бір жылдан бері жөндеу кезінде қолданылған қауіпті материалдарға шағымданғаны белгілі болды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, өрттің өте жылдам таралуына мердігер компанияның жанғыш қаптамалар мен терезе саңылауларындағы поролон толтырғыштарын қолдану фактісі себеп болуы мүмкін.
Полиция мердігер құрылыс компаниясының үш қызметкерін – екі директор мен инженер-кеңесшіні қамауға алды. Оларға абайсызда адам өліміне әкелді деген күдік тағылып отыр.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59