Тікелей эфир

Газель бойынша салық мөлшерлемелері төмендетілді

Бұл өзгеріс 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген. Дегенмен, жүргізушілер 2021 жылдың көлік салығын биыл төлейді. 

Жүк сыйымдылығы газель секілді аз автокөліктердің салық мөлшерлемесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

Бұрын жүк газельдерінің иелері салықты қозғалтқышының көлеміне байланысты жеңіл автомобильдер ретінде төлеген. Салық кодексіне енген толықтыруларға сәйкес газельдер сияқты жүк көліктері үшін салық сомасы жүк көтергіштігіне байланысты есептеледі.

"Бұл өзгеріс салық сомасын орта есеппен 30-50% төмендетуге мүмкіндік берді. Мәселен, қозғалтқышының көлемі 2 500-ден 3 000 текше сантиметрге дейінгі және жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі жүк фургондарының иелері үшін салық сомасы 2021 жылы орта есеппен 26-30 мың теңгеден 14,6 мың теңгеге дейін төмендейді", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Сенімхатпен сатылған көліктің салығын кім төлейді? Көлік салығына қатысты 8 маңызды сұраққа жауап


Бұл өзгеріс 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Сондықтан 2021 жыл үшін осындай автомобильдер бойынша көлік салығы төмендетілген мөлшерлемемен есептеледі. Осылайша қазақстандықтар үшін биыл көлік салығы арзанға түседі. Өйткені, жүргізушілер 2021 жылдың көлік салығын 2022 жылы төлейді. 

Еске салсақ, мәжіліс депутаты "Оператор РОП" қызметіне шұғыл тәуелсіз аудит жүргізуді ұсынды. Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, жиналған қаржының 10%-ы ғана утильге бағытталған. 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары