Газа секторындағы қантөгіске жуық арада нүкте қойылуы мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Дональд Трамп ақ үйде кездесіп, қақтығысты біржола тоқтатуға бағытталған ортақ келісімге келді. Бейбіт жоспарға сай 72 сағаттың ішінде ХАМАС тұтқында ұстап отырған израильдық азаматтарды босатуға тиіс.
Бұған жауап ретінде Тель-Авив та жүздеген палестиналық тұтқынды бостандыққа шығарып, өз әскерін Газа секторынан кезең-кезеңімен әкетеді.
Осылайша, құжатта көрсетілгендей Газа аумағы толық қарусыздандырылып, тероризмнен таза аймаққа айналады. Ал ХАМАС қозғалысы бұдан былай палестиналық аймақты басқару ісіне араласпайды.
Қаруын тастаған ұйым мүшелеріне рақымшылық жариялануы мүмкін. Немесе, шетелге кетуіне рұқсат берілмек. Келісім іске асқан жағдайда, секторға халықаралық бейбітшілік күштері кіргізіліп, ауқымды гуманитарлық көмек жеткізіледі.
Сонымен қатар, мұнда арнайы экономикалық аймақ құрылмақ. Енді Газадан бейбіт халықты күшпен көшіруге жол бермейміз деп отыр. Егер ХАМАС бұл ұсыныстан бас тартса, Израильдің кез келген әрекетіне АҚШ толықтай қолдау көрсетеді деді Дональд Трамп. Қақтығысты тоқтатуға арналған Трамптың бейбіт жоспарын небір алпауыт мемлекеттер құптап жатыр. Оның ішінде Қазақстан да бар.
USD:
503.9 / 506.9
EUR:
588.0 / 593.0
RUB:
6.55 / 6.67