Тікелей эфир

Газ ақысын төлеуге арналған ваучер: Кімдерге жеңілдік жасалады

Пилоттық ваучер беру жобасы алдымен БҚО және Шымкент қаласында жүзеге асыралады.

Шымкент қаласында және Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушылар үшін "Әлеуметтік әмиян" жобасы аясында пилоттық режимде тауарлық газға ваучер беру жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Жоба атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ үшін төлемге жеңілдіктер беруді кеңірек қамтуға және автоматтандыруға бағытталған.

Министрліктің түсіндіруінше, жеңілдік алу үшін тұрғындар өтініш бермейді, қызмет проактивті түрде жүзеге асырылады. 

"Әлеуметтік әмиян" алгоритміне сәйкес 1414 бірыңғай нөмірі арқылы атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар "Әлеуметтік әмиян" сервисі көрсетілетін eGov-mobile қосымшасын орнату қажеттілігі туралы SMS-хабарлама алады. Ваучердің сомасы сол айдағы газ тұтыну көлеміне қарай айқындалады", – делінген министрліктің хабарламасында. 

Жоба пилоттық режимде Шымкент қаласында және Батыс Қазақстан облысында іске асырылып, 6 айға созылады. Оның нәтижелері бойынша жобаны бүкіл Қазақстанға масштабтау туралы шешім қабылданады. 


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары