Тікелей эфир

Ғасыр жасаған ғұмырлар

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагерлері Абылай Қазыбаев, Нина Егорқызы Мосунова, Мұраталы Төлепбергенұлының шаңырақтарына арнайы барып, қарт майдангерлерді құттықтап қайтты. 

Әрқайсысы ғасырға жуық ғұмыр кешкен, ұрпақ жадында өшпестей із қалдырған абыз қарияларымыздың өмір жолы бір дастан. Жастық шағының ең аяулы күндерін қиянкескі жорыққа арнаған ата-апаларымызға Мұрат Дүйсенбекұлы құрмет көрсетіп, ізгі тілегін жеткізді.

Отбасына келген қала басшысын жылы шыраймен қарсы алған аңыз ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, барша шымкенттіктерге бейбіт өмір мен елімізге жарқын болашақ тіледі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары