Ғалымдар қан қысымын дәрі-дәрмексіз төмендету жолын тапты

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Жаяу жүру, йога, тайчи сияқты жеңіл қозғалыстардың өзі қан қысымының төмендеуіне ықпал ететіні анықталған.

Тұрақты физикалық белсенділік артериялық қан қысымын төмендетуде дәрі-дәрмектермен бірдей тиімді болуы мүмкін. Коннектикут университетінің ғалымдары клиникалық зерттеулердің деректерін және Америкалық кардиология қауымдастығының жаңартылған ұсынымдарын талдай отырып осындай қорытындыға келген. Зерттеу нәтижелері Journal of the American College of Cardiology ғылыми журналында жарияланды.

Мамандардың айтуынша, тіпті орташа деңгейдегі және қысқа уақытқа созылатын физикалық жүктемелердің өзі гипертониямен ауыратын адамдарға айтарлықтай әрі тұрақты әсер береді. Жаяу жүру, йога, тайчи сияқты жеңіл қозғалыстардың өзі қан қысымының төмендеуіне ықпал ететіні анықталған.

Зерттеу деректері физикалық белсенділіктен кейін артериялық қысымның бір тәулік ішінде-ақ төмендей бастайтынын және адам қозғалыста болған күндері осы деңгейдің сақталатынын көрсетеді. Бұл әсер тек аэробты жаттығулар мен күштік жаттығулардан ғана емес, сонымен қатар тепе-теңдікке арналған жаттығулардан және жеңіл физикалық белсенділіктен де байқалған.


Оқи отырыңыз: Ғалымдар аса қауіпті ми ісігін емдеудің қарапайым жолын тапты


Ғалымдар барлық қозғалыс түрі пайдалы екенін атап өтті. Олардың пікірінше, ең тиімді жаттығу – адамның өзіне ұнайтын және оны тұрақты түрде орындауға дайын болатын физикалық белсенділік түрі. Сондықтан гипертонияның алдын алу мен оны бақылауда күнделікті қозғалысты өмір салтының ажырамас бөлігіне айналдыру маңызды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары