USDUSD: 500.7 / 503.3
  • EUREUR: 542.5 / 546.5
  • RUBRUB: 5.77 / 5.91
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Ғабит Мүсіреповтің хаттары желісінде "Раечка" қойылымы сахналанды

Фото: Мүсірепов театры
Фото: Мүсірепов театры
Қойылым режиссері – Карина Бесолти.

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жазушы Ғабит Мүсіреповтің Раяға жазған хаттар желісі бойынша "Раечка" қойылымы сахналанды.

Қойылым нәзік сезімді әсерлі хаттарымен жеткізген Ғабит пен Раяның ақ әрі адал махабаттарының желісіне құрылған. "Раечка" пьесасын драматург Ольга Малышева жазып шықты. Қойылым режиссері – Карина Бесолти. Қойылымның басты әрі негізгі кейіпкерлерін Жомарт Зейнәбіл, Анар Әділова, Аида Жантілеуова және Шұғыла Ешенова сынды талантты артистер сомдады. 

Фото: Мүсірепов театры

Қойылымының премьерасында Ғабит Мүсірепов атындағы мұражай-үйімен бірлесе жазушының шығармашылығы жайында сыр шертетін көрме өтті. Жазушының замандастарымен бірге түскен фотосуреттері қойылды. Көрме жазушының болмысы мен өмірлік жолын зерттеуге, шығармашылығымен тереңінен танысуға мол мүмкіндік берді.

Фото: Мүсірепов театры

"Ғабеңдей ірі суреткердің жары Раядай актрисаға сезімін жеткізген толғанысқа толы хаттары желісімен түсірілген қойылым өте әсерлі болды. Актер, актрисалар өте жоғары деңгейде ойнады. Театр ұжымына алғысымды айтамын", – деді театр көрермені Назгүл Алтаева.

 Ұлы жазушының ынтық сезімін эстетика арқылы жеткізетін қойылым көрерменнің көңілінен шығып, жылы лебізбен тарқасты.

Серіктестер жаңалықтары