Тікелей эфир

G4 City енді Alatau арнайы экономикалық аймағы деп аталады

Аймақ атауын өзгерту үкімет басшысы Әлихан Смайылов тапсырмасы бойынша жасалмақ.

Алматы облысында құрылып жатқан G4 City арнайы экономикалық аймағының атауын Alatau деп өзгерту жоспарланып отыр. Мұндай тапсырманы премьер-министр Әлихан Смайылов 16 қазанда берген. Соған сәйкес, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "G4 City арнайы экономикалық аймағын құру туралы" үкімет қаулысына өзгертулер енгізу жобасын әзірледі.

Өзгертулер жобасында арнайы экономикалық аймақтың аумағы бойынша да өзгеріс бар. Бастапқы қаулыда аймақ аумағы аймақ аумағы 30 мың гектарды құраса, жаңа жобада 96 560 гектар аумақ көрсетілген.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағы 96 560 гектарды құрайды

Еске салайық, арнайы экономикалық аймағы Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігінде, А3 (Алматы – Қонаев) 80 шақырымдық тас жолының бойында, осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекараларда орналасқан. Бастапқы G4 City жобасы бойынша мұнда 4 спутник қала салынуы тиіс болған, кейін ол өзгеріске ұшырап, қалалар емес, арнайы экономикалық аймақ құрылатыны хабарланды. 

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 21 қарашаға дейін. 

Серіктестер жаңалықтары