Тікелей эфир

Футболдан Еуропа чемпионатында ойнайтын барлық құрама белгілі болды

Фото: UEFA Euro 2024/Facebook]
Фото: UEFA Euro 2024/Facebook]
Соңғы үш жолдаманы Грузия, Польша, Украина иеленді.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық сатысында ойнайтын барлық құрама белгілі болды. Соңғы үш жолдама Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде анықталды.

Ұлттар лигасы С тобының финалында Грекияны жеңген Грузия Еуропа чемпионатына алғаш рет жолдама алды. Грузия жартылай финалда Люксембургті 2:0 есебімен, Қазақстанды 5:0 есебімен жеңді.

Ұлттар лигасы А тобында Уэльс пен Польша кездесуінің негізгі кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында польшалық футболшылар 5:4 есебімен жеңді. Ал В тобында Украина құрамасы Исландиядан 2:1 есебімен басым түсті.

Осылайша Грузия, Польша, Украина құрамалары Еуропа чемпионатында бақ сынайды.

А тобы:

  • Германия
  • Шотландия
  • Венгрия
  • Швейцария

B тобы:

  • Испания
  • Хорватия
  • Италия
  • Албания

С тобы:

  • Словения
  • Дания
  • Сербия
  • Англия.

D тобы:

  • Польша
  • Нидерланд
  • Австрия
  • Франция.

E тобы:

  • Бельгия
  • Словакия
  • Румыния
  • Украина

F тобы:

  • Португалия
  • Грузия
  • Түркия
  • Чехия.

Еуропа чемпионаты 14 маусымда Германия мен Шотландия арасындағы матчпен басталып, финалдық ойын 14 шілдеде өтеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары