Тікелей эфир

"Францияның аумағындай жерді иеленіп отырғандар бар". Заңгер жер кодексінің орындалмауы туралы

Заңгер шенеуніктердің заң талаптарын неге орындамай отырғанын айтты.

Дамыған елдеріндің бәрінде байларға салынатын салық бар. Ол кедейлерге көмектесу үшін, әлеуметтік жағдай жасау үшін салынады. Соны Қазақстанға да енгізу керек, дейді заң ғылымдарының докторы Марат Бәшімов 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасына берген сұхбатында. 

– Марат мырза, референдумға дейін биліктің белсенділігі артып, конституцияға енгізілгелі отырған түзетулерді дамыл таппай, тәптіштеп түсіндірді. Референдум өтті. Енді жұмыс неге бәсеңдеп қалды деп ойлайсыз? Шенеуніктер конституция талаптарын неге орындамайды?

– Мұнда проблема көп. Екі стандарттармен өскен кісілер ғой. Содан кейін "ескі" Қазақстаннан қалған ой да солай: "Бастық айтпайды, жұмыс істемеймін". Сенің өзің қорықпай істеуің керек, өзіңнің пікірініңді айтуың керек. Олай болмаса, халықты қалай қорғайсың? Бәрі қашқаны содан ғой. Бәрі жоғарыдан бірдеңе айтады деп күтіп отырды. Қашпай, өзіңе жауапкершілік алып, орындауың керек. 

Жер кодексінде ауылдың қасында 5 шақырым жер ашық болуы керектігі жазылған. Оған мал бағамын десең, ашық болуы керек. Кім орындап жатыр? Ешкім орындап жатқан жоқ. Әкімдер қайда қарап жатыр? Әкімдер түк орындамайды. Бәрі қоғамдық бақылауда болуы керек. Орындаттыру керек бәрін.  


Оқи отырыңыз: Елде 8 млн гектар ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмай бос жатыр


– Мысал ретінде бірнеше заңға тоқталып өтсеңіз?

– Көп заң бар. Оның ішінде Конституцияға сәйкес келмейтін нормалар бар. Байларға жасап жіберген. Бүкіл дамыған мемлекеттерде байлыққа салық бар. Бізде байлар байи берсін дейді. Бүкіл Еуропада сен байып бара жатсаң, салық төлейсің. Кедейге көмектескенге, әлеуметтік жағдай жасауға. Бізге де соған келу керек. Сонда ғана әділет болады.

Жерді қайтарып жатыр дейміз ғой, әлі де миллион-миллион гектарлар бар. Тіпті Францияның, Бельгияның аумағындай жерді алып отырғандар бар. Не өздері игермейді. Бәрін алып алған да, халыққа бермейді. Оның бәрі кодекстің 6-бабына енген. Жер – халықтыкі, енді қаралуы керек. Қазір басқа партиялар да шулап, мәселені көтеріп жатыр. Amanat партиясы да жерді қайтарамыз дейді. Ол да дұрыс. Ана жақта заң бұзышылықпен жерлерді алып алғандар бар. Мұнайды жеке меншікке алып алғандар бар. Оған да көңіл бөлейік деп жатыр. Шетелден ұрланған ақшаны қайтарып беріңдер деп жатыр. Ол да әділеттілік.

Серіктестер жаңалықтары