USD: 469.1 / 471.9
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға келді

Қазақстан мен Франция басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізеді.

Франция президентін әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram арнасы жазды.

Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Еске сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.


Оқи отырыңыз: Бауыржан Шөкенов: Франция қазақстандық киноның прокатына қаржылай қолдау көрсетеді


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз