29 шілде күні 00.55-те орындалатын КC7362 Түркістан – Астана рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты 15 сағатқа кешіктірілді. Рейс 16.30-да ұшады деп жоспарланады.
"Жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз және ұшу қауіпсіздігі біздің басты приоритетіміз екенін еске саламыз", – делінген FlyArystan әуе компаниясының хабарламасында.
FlyArystan осы рейстердің жолаушыларына келесі қолдауды ұсынады:
- Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде: жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады;
- Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде, ыстық тамақ ұсынылады. Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласу қажет;
- Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады;
- Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады;
- Күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық кідіріс болса, жолаушыларға қоныстануға, сондай-ақ қоныстану жеріне дейін және кері қарай трансфер қарастырылады.
"Аталған мәселелер бойынша жолаушылардан FlyArystan өкілдеріне хабарласуларыңызды сұраймыз, барынша қолдау көрсетілетін болады. Рейстердің нақты ұшу уақытын FlyArystan қосымшасындағы рейс статусы бөлімі арқылы қадағалауды сұраймыз. Әуекомпания рейстерді уақтылы орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр деп сендіруге асығамыз. Ұшу қауіпсіздігі біздің басты басымдығымыз екенін еске саламыз", – делінген FlyArystan әуе компаниясының хабарламасында.