Ғалым латын жазуы қазақты үш әлеммен біріктіреді деп есептейді.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Нұрсәуле Рсалиева Jas Qazaq басылымына берген сұхбатында латын жазуы қазақты үш әлеммен біріктіреді деген пікір айтты:
- Қазақты қазаққа қосады. Сыртта жүрген 5 миллион қазақ өз Отанының хабар-ошарын алып отырумен ғана шектеліп қоймайды. Өз Отанына келіп білім ала алады, әдебиетін оқып, мәдениетінен қол үзбей, байланыста отырар еді.
- Жазуын оқи алған жағдайда дәл осындай жан-жақты түрлі деңгейдегі рухани және экономикалық байланыс түркі әлемімен де жандана түсер еді.
- Ғасырлар бойына латын жазуын пайдаланып, ғаламшарда көш ілгері дамып кеткен ағылшын, француз, неміс деген сияқты әлемнің жетекші тілдерінде сөйлейтін батыс әлемімен де бізді латын жазуы жақындата түсетін еді.
"Ал ішкі әлеуеті қалай көтеріледі? Біріншіден, тілді қазаққа жат құбылыстардан тазартамыз. Екіншіден, жазуды жеңілдетеміз. Үшіншіден, латын жазуымен жазылып тұрған кез келген жазу, әсіресе, жастардың көзіне сүйкімді көрінетінін көріп жүрміз ғой. Бұл олардың рухын көтеріп, өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады деген ойдамын", – деді Нұрсәуле Рсалиева.
Оқи отырыңыз: Тоқаев латын әліпбиіне көшу туралы: Асығыстыққа жол бермеуіміз керек
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-