Күйік шалған науқастың екеуі жалпы бөлімге ауыстырылды.
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында қатты күйік шалған екі науқас жалпы палатаға ауыстырылды.
Макажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының басшысы Берік Тілеубаевтың айтуынша, қатты күйік шалған екі науқас шоктан шығарылды.
"Күйік шалған науқастың екеуі жалпы бөлімге ауыстырылды. Олардың қазіргі жағдайлары тұрақты, шоктан шығарылды. Енді екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр", – дейді Берік Тілеубаев.
Еске салайық, 20 шілде күні Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, сегіз жұмысшы түрлі дәрежеде жарақат алған еді.
Бұған дейін күйік шалған төрт жұмысшының көз жұмғаны хабарланған болатын.