"Фейк хабарламалар көбейген". ІІМ азаматтарды жалған ақпараттан сақ болуға шақырды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады.

Ішкі істер министрлігі интернет пен мессенджерлерде терроризм актісі туралы жалған хабарламалардың жиілегенін мәлімдеді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Министрлік дерегінше, кей азаматтар жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпаратты "әзіл" ретінде таратады. Алайда мұндай әрекет заң бойынша ауыр қылмыс саналады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл үшін айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыру жазасына дейінгі шаралар қарастырылған.

Мұндай жалған хабарламалардың салдары айтарлықтай ауыр:

  • халықты жаппай эвакуациялауға әкеледі;
  • мектептер, ауруханалар мен басқа да нысандардың жұмысын тоқтатады;
  • полиция, жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметтерінің ресурстарын босқа жұмсауға мәжбүрлейді.

Министрлік қазіргі цифрлық технологиялар кез келген хабарламаның қайдан тарағанын тез анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондықтан анонимді қалу мүмкін емес.

Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға шақырады:

  • тексерілмеген ақпаратты таратпау;
  • жасөспірімдерге мұндай әрекеттің салдарын түсіндіру;
  • күмәнді немесе қауіпті хабарлама алған жағдайда бірден полицияға хабарлау.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз