Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанда жасыл технологияларды дамыту мақсатында өзінің қаржылық серіктесі – HCBK банкіне 25 млн АҚШ долларын бөлгенін хабарлады. Бұл жоба Қазақстанда жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Ол бойынша, несие қаржысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға жұмсалады.
"Жеке сектор клиенттері GEFF Kazakhstan II жасыл технологиялар селекторын тиімділігі жоғары тауарлар, жабдықтар және технологияларды таңдау үшін қолдана алады. GEFF Kazakhstan II жергілікті компаниялар мен шаруашылықтарға электр энергиясын тұтыну көлемін азайтуға көмектеседі", – делінген ЕҚДБ хабарламасында.
Айта кетейік, Еуропа банкі Қазақстанда 339 жобаға 11 миллиард еуро көлемінде инвестиция құйды. Олардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.
Оқи отырыңыз: 63 ел ішінде 59-орын: Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі қанша?
USD:
505.9 / 508.9
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59