Қытайдың Сауда министрлігі Еуропалық комиссияның AliExpress платформасына Еуропалық одақтың Цифрлық қызметтер туралы заңы (Digital Services Act) аясында 550 миллион еуро (шамамен 627 миллион АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салу туралы шешіміне байланысты наразылық білдіріп, алаңдаушылық танытты, деп жазды Синьхуа.
Министрліктің ресми өкілінің мәлімдеуінше, Қытай тарапы Еуроодақтың цифрлық платформаларды реттеу сылтауымен цифрлық кедергілер енгізуіне және Еуропадағы қытайлық электрондық коммерция компанияларының қалыпты қызметін шектеуге бағытталған кемсітушілік шараларына үзілді-кесілді қарсы.
Сондай-ақ Қытай Еуроодақты заң нормаларындағы түсініксіз тұстарды пайдаланып, өз өкілеттіктерін асыра қолданбауға және қытайлық компанияларға әділ әрі бейтарап қарауға шақырды.
Министрлік өкілінің айтуынша, Қытай өз компанияларының құқықтарын заң аясында қорғауына жан-жақты қолдау көрсетеді және олардың заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Aliexpress-тен қалай салық төлемей зат сатып алуға болады? Өзекті 10 сұраққа жауап