USD: 485.7 / 488.3
  • EUR: 557.5 / 562.5
  • RUB: 6.33 / 6.45
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Есіл өзеніндегі тасқын суларды Арал теңізіне бұру жобасы неге тоқтап тұр

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазіргі таңда гидрологиялық, экологиялық, экономикалық және инженерлік есеп-қисаптар жүргізілуде.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарына берген жауабында "Есіл өзенінің орта ағысындағы тасқын суларды басқару және ағынның бір бөлігін Торғай өзені мен Арал теңізі бассейніне бұру" жобасын жүзеге асыру неге тоқтап тұрғанын түсіндірді. 

Бұл жоба 2024 жылдан бастап әзірленген болатын. Алайда, бұл мәселе 2025 жылғы 27 ақпанда Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысында қаралып, оның қорытындысы бойынша қосымша зерттеулер мен есеп-қисаптар жүргізу қажеттігі айтылған. 

Соған орай, қазіргі таңда "Есіл – Торғай – Арал" жобасын іске асыру мәселесі гидрологиялық, экологиялық, экономикалық және инженерлік есеп-қисаптар жүргізіліп жатыр. 

"Қажетті есеп-қисаптар жүргізілгеннен кейін, сондай-ақ тиісті бассейндердің су балансына ықпалы бағаланғаннан кейін жоба қосымша пысықталатын болады", – деп жауап берді Олжас Бектенов. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз