Мемлекет басшысының жарлығымен Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында туған.
Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "Қаржы" мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша білімін тәмамдаған. Құқықтану және қаржы бакалавры.
- 12.12.2008 - 18.02.2009 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жсопарлау басқармасы" ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы м.а., Астана қаласы;
- 18.02.2009 - 16.07.2009 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы;
- 16.07.2009 - 28.10.2010 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
- 28.10.2010 - 23.11.2010 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
- 23.11.2010 - 07.03.2013 ж. – Астана қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
- 07.03.2013 - 26.08.2013 ж. – Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, Астана қаласы;
- 26.08.2013 - 08.08.2016 ж. Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, Астана қаласы;
- 09.08.2016 - 01.08.2017 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы, Астана қаласы;
- 02.08.2017 - 31.01.2019 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы;
- 01.02.2019 - 03.07.2019 ж. - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі;
- 29.08.2019 - 2020 ж Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы;
- 14.10.2020 - 02.2022 ж - "Сарыарқа" ауданының әкімі.
- 09.02.2022 - 19.09.2022 ж. - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
- 19.09.2022 ж. - бүгінге дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.