Тікелей эфир

Ертіс орманындағы ғылыми зерттеуден кейін 81 дәрілік шөп анықталды

Резерват флорасы 226 түрлі өсімдікті қамтиды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ қызметкерлері "Ертіс орманы" резерватының аумағында 2023 жылдың 5 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүргізілген ғылыми зерттеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті. 

Аталған жұмыс нәтижесінде, резерват флорасы 226 түрлі өсімдікті қамтитыны анықталды, олардың жетеуі еліміздің Қызыл кітабына еігізілсе, 81-і дәрілік қасиеттерге ие.

"Дәрілік мақсатта пайдалануға болатын өсімдіктердің қатарында шөптердің – 61, бұташықтың – 2, жартылай бұташықтардың – 4, бұталардың – 5 және ағаштың – 9 түрі бар", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: "Біз семіртіп көбейтетін ферма емеспіз, жануарлардың өмір сапасы бірінші орында". Алматы зообағынан фоторепортаж


Атап айтқанда, табиғи адаптоген ягель кейбір туберкулезге қарсы препараттарда, тағамға биологиялық белсенді қоспаларда және косметиканы өндіруде қолданылады. Көктемгі адонис суық тигенге ем болса, ұйқышөп – анестетикалық қасиетінің болуына орай сыртқа қолданылады.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында 6 мыңнан астам өсімдік түрі кездеседі, оның ішінде 1,5 мыңға жуығы дәрілік болса, 230 түрі ресми медицинада танылған, 390-ы ҚР Қызыл кітабына енгізілген.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары