Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды

Ерсайын Нағаспаев. Фото: Kazinform
Ерсайын Нағаспаев. Фото: Kazinform
Бүгін Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды.

Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

Ерсайын Нағаспаев жоғары білімді, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте,  Еңбек жолын Теміртау қаласы әкімінің аппаратында бастады. ҚР Сыртқы істер, көлік және коммуникация министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды. Вице-премьердің кеңесшісі болды.

"Ақтау халықаралық порты" РМК-да жұмыс істеді, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болды.

 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз