Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып Ермек Көшербаев тағайындалды. Ол 2020 жылдан бері Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған.
"Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын", – деп жазылған президент жарлығында.
Ермек Көшербаев 1965 жылы Алматыда дүниеге келген. Бұл қызметке дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрінің вице-президенті, сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолын:
- 1988 жылы Қазақ КСР сыртқы істер министрлігінде аға инспектор болып бастаған.
- 1989-1994 жылдар аралығында осы министрлікте әртүрлі лауазыммен еңбек еткен.
- 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасы президенті аппаратының халықаралық бөлімінің консультанты, президенттің протоколдық қызметінің басшысы болған.
- 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария конфедерациясындағы елшілігінің бірінші хатшысы, сыртық істер министрлігі көпжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.
- 1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-министрінің көмекшісі болған.
- 2000-2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
- 2010-2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған.
- 2014-2018 жылдары ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болып қызмет еткен.
- 2018-2020 жылдар аралығында сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
- 2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болып істеген.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Құрмет" орденімен марапатталған. Төтенше және өкілетті елші деген дипломатиялық дәрежесі бар.
Оқи отырыңыз: Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды
Айта кетейік, облыстың бұрынғы басшысы Даниал Ахметов өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты мемлекет басшысының жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы әкімі қызметінен босатылды.