Мәжіліс депутатының айтуынша, стресс кезінде адамдар эмоциямен көптеген сөз айтып тастауы мүмкін.
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстандағы "қаңтар оқиғасына", оған қатысқан азаматтарға байланысты нақты құқықтық, қоғамдық позиция болу керектігін айтты.
"Аталған оқиғаларға құқықтық баға бергенде, террористтердің, экстремисттердің, тонаушылардың, жәй тәртіп бұзушылардың ара жігін ашу өте маңызды! Террористтер мен экстремисттерге, мемлекеттік ғимараттарға қарумен шабуыл жасаған, құқық қорғау органдарына оқ атқан шетелден келген қылмыстық элементтерге ешқандай аяу болмау керек. Бұларды заңның ең қатал баптарымен соттау керек. Мемлекетке қару алып қарсы шығу – қылмыстың ең жоғарғы дәрежесі", – деді Мәжіліс депутаты.
Оқи отырыңыз: Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы облысында бүтін бір отбасы оққа ұшқан
Алайда ол бейбіт митингіге шыққан, әлеуметтік, қоғамдық талап-тілектер қойған азаматтардың іс-қимылына құқықтық баға бергенде, олардың өте сақ болу, олардың қадамдарын сол кездегі эмоциялық жағдайына байланысты қарастыру қажеттігін айтты.
"Адамдардың сол кездегі эмоциялық сөздерінепсихологиялық тұрғыдан қараған жөн. Ең бастысы, олардың іс-қимылдарында қылмыстық элемент болмауы тиіс. "Айтаққа көнген" адамдар да көпшілік болуы ықтимал. Стресс кезінде, эмоциямен адамдар көптеген сөз айтып тастауы ықтимал. Олардың "шын көңілден өкіну" фактілеріне де назар аударған жөн", – деді Ерлан Саиров.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды
-
249
-
0
-
0
-
-
2🇰🇿 🏒 «Барыс» көш басындағы «Металлургтен» басым түсті
-
232
-
0
-
2
-
-
3😨 Хамас содырлары Иерусалимде атыс жасады
-
226
-
0
-
0
-
-
4🔹 Қазақстанның басымдықтары Скопьедегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ұсынылды
-
223
-
0
-
0
-
-
5💬 Депутат мүгедектігі бар жандардың проблемасын шешу үшін бірқатар ұсыныс айтты
-
218
-
0
-
0
-
-
6Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына келді
-
201
-
0
-
1
-
-
7«АрселорМиттал Теміртау» цехында аспалы кран құлады: зардап шеккендер жоқ
-
199
-
0
-
0
-