Прямой эфир Новости спорта

Ерлан Саиров: Лауазымды саяси қызметке кадрды өңірлерден тарту керек

Депутат жаңа кадрларды аймақтардан жасақтауды ұсынды.

Қазақстанда лауазымды саяси қызметті алып кететін кадрлар бар, бірақ олардың бәрі қазір аймақтарда, деді мәжіліс депутаты Ерлан Саиров. Ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында саяси кадрларға қатысты пікірін білдірді.

"Отыз жылдың ішінде Қазақстанда кадрды алған кезде тек қана бір өңірдің азаматтарын, сол жүйенің сөзін айта алатын, сол жүйенің айтқанынан шықпайтын азаматтарды көтерген. Олардың халықпен сөйлесуге, халықтың мұң-мұқтажын айтуға шама-шарқы келмейді", – деді депутат.


Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов: ЖОО-лар оқытудың онлайн түрі үшін жаңа кадрлар даярлай алады


Сондықтан Ерлан Саиров жаңа кадрларды өңірлерден жасақтауды ұсынды.

"Бүгінгі таңда біз аймақтарда, мәслихаттарда жаңа сайлау өткізу арқылы интеллектуалдық деңгейі жоғары, халықтың мүддесін қорғайтын жастардан жаңа кадрларды жасақтауымыз керек және ол үшін біраз уақыт керек", – деді депутат. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары