Ол Астанадағы №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Сайлау жаңа норма, жаңа ережелер бойынша өтіп жатыр. Парламент жаңа норма мен ережелерге ғана емес, басқа да жаңа уәкілеттіліктер бойынша сайланады. Былтыр наурыздағы президент жолдауында сайлауға қатысты реформалар айтылды. Бұл сайлау реформалардың әрі қарай жүзеге асуына мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сайлаудан кейін саяси алаң кеңейіп, парламентте жаңа есімдер пайда болады. Мұның бәрі қабылданатын саяси шешімдердің сапасын көтеруге, қоғамдық-саяси тұлғалардың көбеюіне әсер етуі керек. Кандидаттардың көптігі президент реформаларының қоғамда қолдау тапқанын көрсетеді", – деді Ерлан Қарин.
Оқи отырыңыз: Әлихан Смайылов мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді
Сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550 азаматтың құқығы бар.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
308
-
0
-
10
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
284
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
261
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
277
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
246
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
233
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
208
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
237
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
238
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
210
-
0
-
0
-