Тікелей эфир

Ерболат Досаев сайлауда дауыс беруге жұбайымен бірге келді

Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 миллион азаматтың құқығы бар.

Бүгін таңғы сағат 7-де №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге келді.

Ерболат Досаев жұбайымен бірге Алматыдағы №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесінде дауыс берді

 

"Бүгін өтіп жатқан сайлау Қазақстан өміріндегі маңызды оқиға әрі мемлекет басшысы өткен жылдың наурыз айында жариялаған саяси реформалардың соңғы кезеңін білдіреді. Мәжіліс пен маслихатқа сайланған депутаттар алдында жаңа міндеттер туындайды және олардың жұмысы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі бастамаларды қолдауға бағытталуы тиіс. Қазақстан мен сүйікті Алматымыздың тағдырына шын жүректен алаңдайтын алматылықтар бей-жай қарамайтынына және және жарқын болашаққа дауыс беретініне сенімдімін", – деді Ерболат Досаев.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр? Live


Сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады. 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550 азаматтың құқығы бар. 

Серіктестер жаңалықтары