Тікелей эфир

Ералы Тоғжанов: Бір ғана мамандық иесі болу – аз

Үкімет басшысының орынбасары жеке табысты арттыру үшін бірнеше мамандықты игеруге кеңес берді.

Павлодар облысында мамандық таңдау бойынша сауалнамаға қатысқандар энергетика саласын 11-орынға қойған. Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мұны "бұл біздің балалардың сана-сезіміне әлі жетпегенімізді білдіреді" деп бағалады. 

"Еңбек атласы" бірден барлық мәселені шешіп кетеді деп айтпаймын. Бірақ, ол мамандық таңдауға жол ашады. Ел түсінуі керек, бүгін көптеген мамандық жойылып жатыр және керісінше көп түрі пайда болып жатыр. Екіншіден, бүгін бір ғана мамандық иесі болу – аз. Табысты арттыруға байланысты бағыттардың бірі – бірнеше мамандық иесі болу", – деді Ералы Тоғжанов.

Премьер-министрдің орынбасары "Еңбек атласын" жасау кезінде Германия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Ресей тәжірибесі ескерілгенін айтты.


Оқи отырыңыз: "Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау басталды


"Балалар алдын ала мектеп қабырғасында жүріп кәсіпорындарға сөзбен емес, нақты аяғымен барып, көзбен көріп келетін болса, ол бала мамандықты басқаша таңдайды. Мысалы, Павлодар энергетика бағытындағы негізгі облыстардың бірі. Сауалнама жүргізген кезде сол жердегі балалар энергетика саласын 11-орынға қойып отыр. Ашығын айтқанда, бұл біздің балалардың сана-сезіміне әлі жетпегенімізді білдіреді деп айтуға болады", – деп қосты премьер-министрдің орынбасары.

 

Серіктестер жаңалықтары