Энергетикалық сусындардың әлемдік нарықтағы үлесі тарихи көрсеткішке жетті

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Көрсеткіш алғаш рет 30 пайыздық межеден асты.

Қазақстан өңірдегі ең ірі энергетикалық сусындар экспорттаушысы ретіндегі мәртебесін нығайтып, алкогольсіз сусындардың әлемдік нарығындағы ықпалын арттырды. 

Энергетикалық сусындардың әлемдік нарығы қарқынды өсімді жалғастыруда: 2024 жылы энергетикалық сусындар жаһандық сусын нарығының 31,45% үлесін алып, алғаш рет 30 пайыздық межеден асты. Осы үрдістер аясында Қазақстан заманауи тұтынушылардың қарқынды өмір салтын көрсететін "жылдам тұтынылатын" сусындар категориясының дамуына және әлемдік сұраныстың өсуіне елеулі үлес қосуда.

Қазақстандық өндірушілер экспорт географиясын кеңейту және жеткізілім көлемін тұрақты арттыру арқылы әлемдік сусын индустриясында елдің позициясын күшейтіп келеді. 


Оқи отырыңыз: Тегін дәрі-дәрмек: Кімдер және қайдан ала алады


Экспорт айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық әсермен қатар жүруде. Мысалы, отандық компания бірінің деректеріне сәйкес:

  • жыл сайынғы салық аударымдары 20 млрд теңгеден асады;
  • еңбекақы қоры (ЕҚҚ) – жылына 21,8 млрд теңгеден асады;
  • сала өндірісте 900 жұмыс орнын, дистрибуцияда 2500 жұмыс орнын және тағы шамамен 3000 жұмыс орнын өзге салаларда қалыптастырады.

"Энергетикалық сусындардың әлемдік нарығы белсенді өсуді жалғастырып келеді және Қазақстан осы өсімге айтарлықтай үлес қосып, өңірдегі көшбасшылығын нығайтып отыр", – деді отандық компания өкілі Фархат Сеитов.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз