USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Енді жол ережесін бұзғандар ұпаймен жазаланады. Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
20 балл жинасаңыз – жүргізуші куәлігінен айырыласыз.

Қазақстанда жол қозғалысы ережесін бұзғандар үшін жаңа есеп жүйесі енгізіледі. Енді құқықбұзушылықтар айыппұлмен ғана емес, арнайы балл жүйесі арқылы да бағаланады. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жаңа тәртіпке сәйкес, жүргізушілер жасаған әрбір құқықбұзушылық үшін балл жинайды. Егер бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 20 балға жетсе, жүргізуші куәлігінен айырылып, алты айға дейін көлік басқару құқығынан шеттетіледі. Кейін қайтадан рөлге отыру үшін емтихан тапсыру қажет болады.

Премьер-министрдің айтуынша, балл тек әкімшілік іс бойынша қаулы заңды күшіне енгеннен кейін ғана есептеледі. Бұл жүргізушілердің шағымдану құқығын сақтауға мүмкіндік береді. Жиналған балл бір жыл бойы күшінде болады.

Жаңашылдық тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де қатысты болмақ. Егер жүргізуші куәлігі жоқ азаматтар 20 балл жинаса, олардың алты айға дейін жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі шектеледі.

Қазіргі уақытта жаңа жүйенің нақты іске асу тәртібі әзірленіп жатыр. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы бірлесіп, жобаның барлық тетіктерін қарастыруда.

Айта кетейік, бұған дейін жол ережесін өрескел бұзғандарға айыппұлмен қатар, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы да қолданылып келген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау