Тікелей эфир

Енді зейнетке шықса да жұмысынан айырылғысы келмейтін азаматтарға зейнетақы төленбеуі мүмкін

Асхат Аймағамбетовтың пайымынша, бюджетті оңтайландыру үшін әлеуметтік осал топқа салмақ салудың қажеті жоқ.

Енді зейнетке шықса да жұмысынан айырылғысы келмейтін Қазақстан азаматтарына зейнетақы төленбеуі мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы

Яғни, тек тиісті жалақысын ғана алады. Бұл бюджетті оңтайландырып, үнемделген қаржыны зейнетке ертерек шығуға ниетті кісілерге үлестіруге мүмкіндік бермек.

Бастаманы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көтеріп отыр. Бірақ ұсыныс көпшіліктің көңілін шықпаған сияқты.

Бірнеше күн бұрын еңбек министрі Светлана Жақыпова зейнетке шыққанымен, қызметінен кетпейтін кісілерге бюджет есебінен өтелетін төлемдерді тоқтатуға қатысты ұсыныс түскенін айтты. Бастамаға сәйкес, жұмыс істейтін зейнеткерге зейнетақы төленбеуге тиіс. Яғни, ол тек жалақысын ғана алады.

Ал үнемделген қаражат 55 жасында зейнетке шыққысы келетін тұрғындарға бағытталуы ықтимал. 

"Мәселен, бізде 20 пайыз негізгі олигархтар дейміз бе, олар көлеңкелі экономикада. Салық та төлемейді. Ешнәрсе істемейді. Мына шетелден келетін импорттық тауарлардың 30 пайызы көрсетпестен сатады халыққа. Бір тиын кеден салығы, я болмаса қосылған құн салығын төлемейді. Ал олар триллиондаған ақша. Бұлар жаңағы 10 миллиард ақшаның арқасында артынан шырақ алып қумақшы боп жүр", – деді экономист Сапарбай Жұбаев.

Ұсыныс депутат Асхат Аймағамбетовке де ұнамаған. Мәжілісменнің пайымынша, бюджетті оңтайландыру үшін әлеуметтік осал топқа салмақ салудың қажеті жоқ. Қайта түрлі форматтағы форумдар мен конференцияларды қысқартып, мерекелік безендіру, әкімшілік ғимараттар мен ірі стадиондардың құрылысына бағытталған шығындарды азайтқан абзал.

Сонымен қатар шетелден келетін спортшылар мен мамандарға бөлінетін жалақы есебінен де бюджет шығыстарын кемітуге болады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары