Әскерде де ойынға уақыт бөлінеді. Қатардағы жауынгерлер демалыс күні қолына қару емес, джостик алып плейстейшн ойнайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Осылайша, Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды Отан алдындағы борышын өтеуге ынталандыру әдісін қолға алып отыр.
Енді сарбаздар бос уақытын PlayStation ойнаумен өткізеді алады. Жауапты ведомство қатардағы жауынгерлерге тың тынығу тәсілдерін ұсынып отыр. Жақында ғана myarmy.kz порталы іске қосылған еді. Бір аптаның ішінде 145 азамат онлайн өтініш беріп, өздері қалаған әскери бөлімді таңдап үлгерген. Енді борышын өтеуге келгендер бос уақытын тиімді өткізіп, қосымша курстарға да қатыса алады.
"Ағылшын тілін енгізіп жатырмыз. Одан бөлек шахмат. Яғни разряд алуға мүмкіндік жасап жатырмыз. Бұдан бөлек тынығу кабинетін аштық. Мұнда плестейшн қоямыз. Бос уақытта ойнауға болады", – деді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
Журналистерге арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. №68665 әскери бөлімі қару-жарақ пен техникаларын көрсетіп, оқу-жаттығу жиынын өткізді. Казармалар түгелдей камераға толы, сарбаздардың тұрмысы да жаман емес сияқты. Бірақ армиядағы әлімжеттікпен күрес әлі де әлсіреп тұр. Ал Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары камера көп жерде қорлық жоқ дегенге сенеді.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59