Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін қазақстандықтар өтінішті "ЦОН" мобильді қосымшасы арқылы онлайн рәсімдей алады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
Жаңа жүйе медициналық анықтаманың бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлікті және шектеулердің болуын автоматты түрде тексереді. Осылайша азаматтарға мамандандырылған ХҚКО-ға барудың қажеті болмайды.
"Өтініш берушілер теориялық және практикалық емтиханға өздеріне ыңғайлы уақытқа онлайн жазыла алады. Мемлекеттік баж тек емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін ХҚКО бөлімінде төленеді. Қызмет бүгінде еліміздің барлық өңірінде қолжетімді. Пилоттық жоба 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы мерзім ішінде жүйенің тиімділігі мен қолайлылығы бағаланып, кейін жаңа тәртіпті тұрақты түрде енгізу мәселесі қаралады", – делінген хабарламада.
USD:
516.7 / 519.3
EUR:
606.0 / 610.0
RUB:
6.35 / 6.47