Тікелей эфир

Енді Қазақстанда адам түгілі төрт түліктің түр-әлпеті арнайы базада тіркелетін болады

Бұл мүйізді жануардың санын, мекенін нақтылауға таптырмас тәсіл болады.

Елімізде енді адам түгілі төрт түліктің түр-әлпеті арнайы базада тіркелетін болады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Алдымен сиырларды идентификациядан өткізу жоспарланған. Жасанды интеллект әрбір жануарды бас пішіні, тұмсығы мен құлақ тегі бойынша жазбай таниды.

Ол үшін "Жас ғалым" жобасы бойынша грант бөлініп жаңа жүйені жетілдіруге күш жұмсалады. Бұл мүйізді жануардың санын, мекенін нақтылауға таптырмас тәсіл болады дейді ғалымдар.

Сонымен қатар жоқ малға субсидия алу алаяқтығын азайтатынын айтады. Немесе бөлінген субсидиялар төл басына сәйкес келмей не құжаттамадағы қателіктерден болатын қағазбастылықты азайтады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары