Енді мектеп формасын кимейтін оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
2-4 сынып оқушыларының бағасы өзгереді.

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп формасына қатысты талаптарды бұзған оқушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Алайда айыппұл бірден салынбайды: алдымен ескерту жасалады. Талап бұзушылық қайталанған жағдайда ата-анаға 21 625 теңге айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сонымен қатар 1 қыркүйектен бастап 2-4 сынып оқушыларының білімін бағалау тәсілі өзгереді.

Бала мектептің ішкі тәртібін бұзып, белгіленген мектеп формасын кимеген жағдайда ата-анасына бірден айыппұл салынбайды. Егер форманың киілмеуіне белгілі бір себептер болса, алдымен ескерту жасалады. Ал талапты қайта бұзған жағдайда ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК, яғни 21 625 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін. Осылайша ата-аналарға баласының мектептің ішкі тәртібі мен белгіленген киім үлгісін сақтауын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім институты директорының орынбасары Пернегүл Таубайдың айтуынша, жаңа тәсіл оқушылардың жазба жұмыстарын да азайтуға мүмкіндік береді.

"Бір жыл көлемінде балада 63 жазба жұмысын орындауы мүмкін. Қазіргі ұсынып отырған бағалау жүйесінде тоқсанында бір рет өткізілетін ТЖБ-ны алғаннан кейін бағалау баланың жылдық көлемінде барлық екінші сыныптағы пәндер аясында 20 жұмысқа дейін қысқарады", – деді ол.

Сонымен қатар диктант, бақылау және мазмұндама жұмыстары аралық бағалаудың нысанына айналады. Оларды орындауға бұрынғыдай 25 минут емес, толық сабақ уақыты – 45 минут беріледі.

Министрлік жаңа тәсіл мұғалімдердің уақытын үнемдеп, оқушылардың оқу жүктемесін азайтуға және білім нәтижесін объективті бағалауға мүмкіндік береді деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау